Жаңалықтар

Қош келдіңіздер!

«Біз соғысты неге есімізге сақтауымыз керек?»

6846546

Қазан айында Қарағанды қаласында «Біз соғысты неге есімізге сақтауымыз керек?»атты компьютерлік сурет байқауы болды.ЖББ№1ОМ атынан информатика мұғалім  О.С.Клементьеваның жетекшілігімен 6 сынып оқушысы Виолетта Конышева, 8 сынып оқушысы Виктория Хазова және бітіруші сынып  оқушысы Анна Гультяева  қатысты.Жеңіс көп күттірген жоқ. Оқушылар сыйлықтар мен жүлделі грамоталармен марапатталды.


Оқырмандарды қабылдау

12.12.2014

Бірінші сынып оқушыларын  оқырмандар қатарына қабылдап, оларға  куәлік берілді. Алдымен олар сынақтан өтті: ертегілердің  аттарын атап,  кейіпкерлерін тапты. Кітапты күтіп ұстау және кітапты күтіп  ұстамау  туралы қойылымды  көрді. Кітапты қолдану мен кітапхана  ережелерін үйренді.Кітап  оқудың  пайдасы  және  кітап туралы 4а-мен4 б сынып оқушыларының  оқығандарын тыңдады. Содан кейін үйде оқуға кітаптар таңдап  алды.

1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні

02.12.2014

1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесі  қарсаңында 9- 10 сыныптарда  «Ұлт көшбасшысы»  біздің  Президентіміз  Н. Ә. Назарбаевтың  өмірбаянына байланысты білім   блицтурниры , 5а-сыныбында  «Әлем деңгейіндегі көшбасшы» атты сынып сағаты өткізілді. Оқушылар Президент  өмірімен тансыты. Презентация көріп, Н. Ә. Назарбаевтың  халыққа жолдауын тыңдады. Содан кейін сұрақтарға жауап берді. Соңында авторы Н.Ә.Назарбаевтың кітаптарының  көрмесі көрсетілді. Мектеп кітапханасында осы тақырыпқа кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

Беттер

Балқаш қаласындағы «М.Горький атындағы №1 орта мектебі» ММ